Көлік саласы қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Жексенбі күні көлік саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Атаулы күнге орай бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар маманға құрмет көрсетті. Президенттің құттықтау сөзін жеткізген Үкімет басшысы еңбектері еленген мамандар мен ардагерлерге «Парасат», «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Одан бөлек, биыл алғаш рет «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Жалпы, Президент пәрменімен бүгін ел бойынша 200-ге тарта адамға мемлекеттік наградалар үлестірілді.
Әнуарбек Шұлғауов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалының директоры:
Бала күнімде үйіміз теміржол станциясының бойында болды. Ағаларымның бәрі осы салада еңбек ететін, сол себепті мен де осы мамандықты таңдадым. Алғашында жол жөндеуші болып жұмыс істедім. Қазір саламызға көп көңіл бөлініп, жаңа нысандар ашылуда, сапа артып келеді. Еңбегімізге сай жалақымыз да өсті.
Алдияр Айтбай
Автор
Алдияр Айтбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толды
30.08.2026, 19:52
Автонесие: Проблемалық берешек көлемі 238 млрд теңгеден асқан
30.08.2026, 19:49
Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті
30.08.2026, 19:45
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жүйесі: Қандай талаптар қойылады?
30.08.2026, 17:15
Қазақстан БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы үн қосты
29.08.2026, 20:19
Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
29.08.2026, 20:13
Елде «Таза жағалау» акциясы өтті
29.08.2026, 20:12
Өңірде биыл 20 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді
29.08.2026, 20:10