Ұлттық арна Алашорданың 100 жылдығына орай «Тар заман» атты телехикая ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Алашорданың 100 жылдығына орай «Тар заман» атты телехикая ұсынады

09.11.2017

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрермен назарына Алаш арыстарының тар жол, тайғақ кешуі жайында «Тар заман» атты телехикая ұсынады.

Телехикаяның саундтрегін орындаған әншілер Ұшқын Жамалбек пен Олжас Абай «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

 «Тар заман» - Алашорданың 100 жылдығына орай түсірілген туынды. Телехикаяда Әлихан Бөкейханның оққағары рөлін Олжас Абай сомдап шықты. «Халықтың жүрегіне жол табатын дүние шықты деп есептейміз», - дейді өнер иелері.

Сөзін жазған – фильм сценарийінің авторы Сержан Закерұлы, әні Ұшқын Жамалбектікі.

Айта кетсек, «Тар Заман» телеxикаясы эфирге қаңтар айында енеді, ал, желтоқсан айында еліміздің кинотеатрларында осы атпен фильм шығады.

Хабарламаларға жазылу