«Qazaqstan» Ұлттық арнасы төл өнімдерін шалғай елді мекендерде насихаттауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы төл өнімдерін шалғай елді мекендерде насихаттауда

02.05.2018

Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының жұртшылығы «Тар заман» фильмін тамашалады. Кинотуындыны қалың көпшілік зор ықыласпен қабылдады. Мұндай рухани тағылымы зор дүниелердің өскелең ұрпаққа берері көп. Төл туындының әсіресе, ауылдағы ағайынға дейін жетіп, ұлттың санасын жаңғыртудағы маңызы айрықша. Бұл ретте «Қазақстан» РТРК тарапынан жасалған игі бастама халықтың ризашылығына бөленіп отыр. 

Ерлан Қарин, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты үлкен бағдарламасы шыққан болатын. Сол мақаласында халықтың, елдің болашағы туралы ойларымен бөлісіп, ұлттық тарихқа, ұлттық рухқа мән беру керек екенін баса айтқан болатын. Бұл бізге үлкен қолдау болды, қанат бітірді. Сол шабытпен «Тар заман» фильмін түсіруге кірісіп кеттік.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу