Жамбылда ауылдағы атыс: Оқ атқан 2 адамға іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда ауылдағы атыс: Оқ атқан 2 адамға іздеу жарияланды

30.07.2025

Жамбылда жастар арасында қарулы қақтығыс болып, 4 адам ауруханаға түсті. Оқиға кеше кеше Мойынқұм ауылында болды. Қазір 19, 22, 26 және 28 жастағы жарақат алған ауыл тұрғындары аудандық ауруханада жатыр.

Оларға ота жасаған дәрігерлер жағдайлары тұрақты деп отыр. Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Резеңке оқ оның басына, кеуде қуысына және білегіне тиген. Сондай-ақ екі жамбасы бірнеше жерінен тесілген. Салдарынан сыртқа қан кетіп, 2 дәрежелі травматикалық шок алған. Полиция мәліметінше, оқ травматикалық қарудан атылған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, 2 күдіктіге іздеу жарияланды. Желіге жарияланған бағыттама бойынша олар Алматы қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары. Оқ жаудырғандар оқиға орнынан екі «Лэнд крузер» көлігімен қашып кеткен. Оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі:

Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке бастары анықталды. Оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу