45 жыл бойы қараусыз тұрған мектеп қауіпті орынға айналды. Жамбыл облысы, Көктал ауылындағы көп қабатты нысан көпшіліктің үрейін алып отыр. Өйткені қаңырап қалған нысанды балалар ойын алаңына айналдырған.
Ал басқа дәліздерінде қалдықтар үйіліп, қоқыс полигоны секілді жайрап жатыр. Есік, терезесі жоқ егесіз ғимаратты маскүнемдер иектеп, иесіз иттер де паналайды. Сондықтан бұрыш-бұрышта малдың өлексесі көп. Ауыл ортасындағы нысан 1980-жылы мектеп ретінде салына бастаған. Бірақ көп ұзамай құрылысы тоқтап қалған. Енді ауыл тұрғындары мектепті қайта жаңғыртып, бос жатқан аумаққа ардагерлер саябағын салуды сұрап отыр.
Тұрғымбек Әбітбек, Көктал ауылының тұрғыны:
Балалар асыр салып жоғары жағында, бала ғой енді ойнайды. Талай көрдік. Ал енді абайсызда құлап кетуі де мүмкін. соның өзі мынау ата-аналарға үрей тудырады. Қанша қой-қойлағанымен бала ғой, ойнайды ішіне асыр салып ойнайды. Кешке жаңағыдай ішетін орынға айналып кетеді. Сондықтан ертерек бір жағына шығарса.
Ал Байзақ ауданы әкімдігі 4 жыл бұрын мектептің иесіз екенін анықтап, сот арқылы теңгерімге алады. Ал 2023 жылы жүргізілген сараптамадан кейін «қайта жаңғыртуға жарамды», - деген қорытынды шығады. Енді ел игілігі үшін жөндеу жүреді. 4 мыңға жуық тұрғыны бар Көкталда спорт кешені жоғын ескерсек, дайын ғимарат жаттығу залына да айналуы мүмкін.
Серік Қайпулдаев, Көктал ауылының әкімі:
Біздің ауылдың ұсынысы бойынша осы ауылға жатақхана ретінде соғып беруді сұранған халық. Қазіргі таңда қарастыру жұмыстары үстінде. + Мектептің аумағы 1,2 гектар, қасындағы бос жатқан 60 соттық жерді құрылыс бөліміне беріп отырмыз. Ауылымызға спорт кешенін салып беруді сұранып отырмыз.
Данияр Әлімқұл
