Жетісу облысында екі күннен бері тілсіз жаумен күрес жалғасуда
Жетісу облысы Көкмойын шатқалында теңіз деңгейінен 2600 метр биікте 24 гектар аумақты өрт шарпыды. Таулы аумақтағы қызыл жалынға күннің күрт ысып, шөптің құрғауы себеп болған. Өртті сөндіру жұмыстары бүгін екінші күн жалғасуда. Ол үшін 100-ден астам жеке құрам мен 11 бірлік техника жұмылдырылған. Әуеден сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, 50 тоннадан астам су төгілді.
Нұрбол Исанов, Жетісу облыстық Өрт сөндіру және авариялық құқықтар жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының басшысы:
Құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің таулы аймақтарға көшу қаупі болғандықтан өртті сөндіруге 2 тікұшақ су шашу құрылғысымен жұмылдырылды. Өрттің таралуына жол берілген жоқ.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03