Банк картасын үшінші тұлғаға беру – енді қылмыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк картасын үшінші тұлғаға беру – енді қылмыс

28.07.2025

Енді банк картаңыз бен оның деректерін үшінші тұлғаға берсеңіз қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Ішкі істер министрлігі Қазақстанның қылмыстық заңнамасына маңызды өзгеріс енгізілгенін ескертеді. Олардың мәліметінше, алаяқтар қолға түскен деректерді қылмыстық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін немесе өзге азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Яғни, осы тұста Сіз зардап шегуші емес, қылмыстық істің қатысушысы болып танылуыңыз мүмкін. Жаңа ереже дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталып отыр. Жеке және банктік деректер жәй ғана ақпарат емес, бұл Сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіз мен заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті екенін ескеріңіз,-дейді ІІМ.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу