Ал, елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Жастар елордадағы Отан қорғаушылар алаңын тазартты. 200-ден астам ағаш суарып, маңайдағы арам шөптерді жұлды. Нәтижесінде 150 келіден астам, 18 қап қалдық шығарылды. Экологиялық шара мұнымен шектелген жоқ. Балалар пластик бөтелкелер өткізіп, оларды қайта өңдеуге жіберді. Сондай-ақ, оқыған кітаптарын жаңа кітаптарға алмастырды. Осылайша, ұйымдастырушылар жастар арасында экология мәдениетін қалыптастырумен қатар, кітап оқуды да насихаттады.
Бексұлтан Шәдіхан, қатысушы:
Тек қана осы Қазақстанның экологиясына көмектеспей, дос табуға, соцализацияға да қатты көмектеседі. Мен осы акцияға өте ризамын. Қазақстанның экологиясына, Қазақстанның дамуына үлес қоссам болды маған. Кез-келген нәрсені жасай беремін, негізі.
Темірлан Нұрсолтанов
