Жетісулық жедел жәрдем бригадасы бір отбасын өрттен аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулық жедел жәрдем бригадасы бір отбасын өрттен аман алып қалды

25.07.2025

Жетісулық жедел жәрдем бригадасы өртке оранған үйдің ішінен тұтас бір отбасыны құтқарып қалды.

Шақыртудан қайтып келе жатқанда қалың түтінді көлік жүргізушісі байқап, әріптестеріне көмекке бару қажеттігін айтқан. Олар шұғыл әрекетке көшіп, 7 адамды үйден алып шығады. Жедел жәрдем қызметкерлерінің ішіндегі ең жасы - Дамира Рахимова. Оқуын аяқтап, тәжірибеден өтіп жүргеніне небәрі үш күн болған. Ал, фельдшер Ғабит Ерғаж 8 жылдан бері жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп келеді. Жетісу облысының әкімдігі батылдық танытқан медицина қызметкерлерін марапаттап, оларға құрмет көрсетті.

Ғабит Ерғажы, фельдшер:

Дер кезінде уақытында келіп қалдық. Ешкімде ешқандай жарақат болған жоқ. Кішкене шокта болды. Кімде болса солай істейді. Бір жағынан өзіміздің қызметіміз, міндетіміз.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу