Жамбыл облысында «Ардагерлер саябағы» тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында «Ардагерлер саябағы» тазартылды

24.07.2025

Жамбыл облысы, Құлан ауылында орналасқан «Ардагерлер саябағы» тазартылды. Экологиялық бастама «Таза бейсенбі» акциясы аясында өтті. Шараға «AMANAT» партиясының аудандық филиалы белсене атсалысты.

Тазалық жұмысына сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанаты мен «Қарақат» бастауыш партия ұйымының мүшелері де қатысты. Олар тұрмыстық қалдықтарды жинап, шөп шауып, арық-атыздарды ретке келтірді. Жалпы саны 50-ге жуық адам жұмылдырылды.

Белсенділердің күшімен 1 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Мұндай шаралар көрші ауылдарда да жалғасын тапты. Жалпы, көктемнен бері өтіп жатқан экологиялық акцияға 100 мыңнан астам адам қатысып, 7 мың тоннаға жуық қоқыс жиналған.

Тұрсынхан Жаманбаев, Құлан ауылының тұрғыны:

Мен күн сайын осы «Ардагерлер үйіне» келіп тұрамын. Бүгін бұл саябақты «AMANAT» партиясының белсенділері келіп тазартқанына шын жүректен алғысымды білдіремін. Еліміз таза болсын.

Данияр Әлімқұл



Хабарламаларға жазылу