«Таза Қазақстан»: 3500 тонна қоқыс жиналды
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Оған 40 мыңнан астам адам қатысып, 3500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жезқазғанда тұрғындар ағаштарды суарып, алаң аумағын күтсе, Сәтбаевта экологиялық өлеңдер оқылып, балалар алаңы абаттандырылды. Қаражал, Жаңаарқа мен Ұлытауда «Таза қала», «Таза аудан» акциялары өтіп, орталық көшелер мен саябақтарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Жайрем ауылында еріктілер тұрғындарға қалдықтарды сұрыптау мен табиғатты қорғауға қатысты брошюралар таратып, экологиялық тәрбиеге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Жыл басынан бері өңірде жеті облыстық және төрт қалалық сенбілік өткен. Бүгінде бұл шара дәстүрге айналып келеді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00