«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне психолгиялық қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне психолгиялық қолдау көрсетіледі

21.07.2025

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне психологиялық көмек көрсетіледі. Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасады. «Ғани Бейсембаев оқиға орнына барып, қала әкімімен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары қолға алынды. Балалардың заңмен кепілдік берілген барлық құқығы қатаң сақталады» делінген ведомство таратқан хабарламада. Осы мәселеге қатысты бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, бүгін балалар үйінің емес, әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері көшірілді. Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша, бұл мекеменің көшетіні шешілген. Алайда, Алматы облысының әкімдігі балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді. Жергілікті атқарушы орган келісілмеген әрекеттерді жүзеге асырды дейді Динара Зәкиева.

Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бүгін балалар үйінің емес, ЦАН-да тұрып жатқан балалар көшірілді. ЦАН-да өмірлік қиын жағдайға тап болған және облыстың әртүрлі бөліктерінен келген балалар уақытша тұрады. Көктемде балалар мен әкімдік арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша ЦАН-да тұрып жатқан балалар мен мекеменің өзі көшетіні шешілген. Алайда Алматы облысының әкімдігі ЦАН-да тұратын балалардың көшуі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді. Осы жағдай бойынша балалардан келген хабарламадан кейін соңғы апта ішінде бірнеше рет әкімдікке жүгіндім. Алайда жергілікті атқарушы орган хабардар етпей, келісілмеген әрекеттерді жүзеге асырды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу