Өзбекстанда соңғы 5 жылда киберқылмыстар саны 68 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда соңғы 5 жылда киберқылмыстар саны 68 есеге өскен

21.07.2025

Өзбекстанда соңғы 5 жылда киберқылмыстар саны 68 есеге өскен. Азаматтарға келген шығын 150 мың доллардан асады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстың 98 пайызы банк карталары арқылы жасалған. Пысықайлар көбіне банк картасын немесе мобильді құрылғыны бақылауға алады. Артынша зиянды сілтемелер мен бағдарламалар жібереді. Ал кейбірі банктік шоттар мен мобильді қосымшаларды басқару үшін SMS-кодты пайдаланған. Бөгде адамның атына онлайн несие рәсімдеу деректері де жиі кездеседі. Кибералаяқтықпен айналысқан кезекті қылмыстық топ жуырда ғана қолға түсті. Ұйымдасқан 4 адам түрлі мессенджер арқылы вирустық файлдар жіберіп, азаматтардың банк шоттарына заңсыз кірген. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Жахонгир Садуллаев, Ташкент қалалық ІІББ басшысының орынбасары:

Тексеру барысында ұйымдасқан төртеудің 177 банк картасынан жалпы сомасы 1 млрд сумға жуық қаражатты ұрлағаны анықталды. Олар жалған Call-орталық құрып барлық әрекетті осы арқылы басқарып отырған.

Базаргүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу