Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
Астанада танымал спортшылар, жаттықтырушылар мен елорда жастары ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен игі бастаманы қолдағандар тал егіп қана қоймай, орталық саябақты қоқыстан тазартты. Экологиялық акциядан кейін үш ай бойы өткен тегін Street Workout жаттығуларының маусымы қорытындыланды.
Орталық саябақ аумағындағы ағаштар саны тағы біршама көбейді. Танымал
спортшылар, жаттықтырушылар мен жастар бірігіп тал екті. Олардың арасында
бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, ММА-дан әлем чемпиондары бар.
Василий Тахтай, ММА-дан әлем чепионы, Астана қаласының күрес федерациясының
вице-президенті:
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында біз де өз қаламызды абаттандырайық, көгалдандырайық деп сенбілікке шықтық. Мен екі ұлымды да ала келдім. Өйткені табиғатқа жанашыр болып өссін деймін.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен игі бастаманы қолдағандар тал егіп қана
қоймай, орталық саябақты қоқыстан тазартты. Ал, экологиялық акциядан кейін үш
ай бойы өткен тегін Street Workout жаттығуларының маусымы қорытындыланды.
Жиналғандар бұқаралық спорт түрлерінен сайыстарға қатысты.
Артем Павелев, «Басты спорт алаңы» бағдарламасының авторы:
Бұл – Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей спорт алаңы. Мұнда кез келген адам тәулік бойы, жылына 365 күн тегін спортпен айналыса алады. Жаттығуға қажетті барлық құрал-жабдық бар. Алаң Орталық саябақта орналасқан. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын таза ауада спортпен шұғылдануға шақырамыз. Біз – таза ел, дені сау ұлт үшін!
Ғани Исаев, Астана тұрғыны:
Өте керемет шара ұйымдастырылып жатыр екен. Енді Таза Қазақстанның аясында, енді көп жастарға үлгі-өнеге. Былайша спортқа, тазалыққа жалпы тәрбиелік мәні керемет жағдай ғой. Бұны тек қана осындай айтулы күндерде ғана емес, аптасына бір рет өткізіліп жатса, халық тек қана ризасын білдіретін болады деп ойлаймын.
Айта кетерлігі, шараны Астана қалалық спорт басқармасы, Street Workout
федерациясы және «Басты спорт алаңы» бағдарламасының авторлары ұйымдастырды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15