Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысушыларға үндеу жолдады. Белгілі қытай жазушысының «Сарымсақ жыры» романы қазақ тіліне аударылып, марафонда оқылатын шығармалар тізіміне енді. Мо Янь өз туындысының қазақ оқырманына жол тартқанына қуанышты екенін айтып, кітапсүйер қауымға ізгі тілегін жеткізді.
Мо Янь, Нобель сыйлығының лауреаты:
Қазақ әдебиеті маған өте жақын әрі қымбат. Өйткені сіздердің шығармаларыңызда суреттелетін өмірдің көп қыры өзімнің басымнан өткерген жағдайлармен үндеседі. Кітап әлеміне саяхат жасап, білім мен даналықтың биігіне ұмтылған әрбір қатысушыға зор шабыт тілеймін! Әрбір парақ жүректеріңізге жарық сыйлап, ішкі жан дүниелеріңізді байыта берсін. Кітап әрдайым қолдарыңыздан түспесін, ал білімге ұмтылыстарыңыз бен өзін-өзі дамыту жолындағы талпыныстарыңыз әрдайым жетістікпен жалғаса берсін.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17
«Қайнар – АКБ» аккумулятор зауытына 50 жыл
21.09.2026, 17:15