Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу жұмыстарына дайындық қызды. Қазір АҚШ авиация мамандары Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін тексеруде. Бағалау қорытындысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу жолындағы маңызды кезең болмақ.
1,6 млн оқушы тегін тамақпен қамтылды
Ел ішінде 1,6 млн оқушы мектепте тегін тамақпен қамтылды. Бұл мақсатқа мемлекеттен 210 млрд теңге қарастырылған. Барлығы әділ болуы үшін тамақтану есебі «Әлеуметтік әмиян» жүйесіне қосылды. Яғни автоматтандырылған жүйе әр оқушының тамақтану фактісін, күнін және уақытын тіркейді.
2 млн-дай жас экоакцияларға қатысқан
Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар күшейтіледі. Жыл басынан бері экологиялық акцияларға 2 млн-ға жуық жас қатысып, жалпы ел бойынша 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды.
Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатына қатысады
22-27 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін WorldSkills Shanghai 2026 әлемдік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. 33 жас маман 31 құзыреттілік бойынша бақ сынайды. Олардың қатарында мехатроника, инженерлік графика, бағдарламалық және мобильді қосымшаларды әзірлеу, өнеркәсіптік дизайн сынды заманауи бағыттар бар.


Бөлісу