Талдықорғанда Италия университетінің кампусы ашылды
Талдықорғанда Италияның Марке политехникалық университетінің кампусы ашылды. Салтанатты рәсімге Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Антонелло Де Риу мен жергілікті билік өкілдері арнайы қатысты. Кампуста 4 зертхана бар. Енді студенттер өз елінде жүріп-ақ еуропалық стандарттарға сай білім ала алады. Бұл ретте «Агрономия-Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» қос дипломдық бағдарламасы бойынша облыс әкімдігі бастапқы кезеңде 14 білім беру грантын бөліп отыр.
Жалпы, Жетісу - аграрлы аймақ. Сондықтан Марке политехникалық университетінің филиалында аграрлық сала мамандарын дайындауға баса көңіл бөлінеді, - дейді өңір басшысы Бейбіт Исабаев
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
Еуропаның жоғары оқу орнының Жетісудағы осы кампусты салуға келіскеніне біз қуаныштымыз. Бұл екі елдің білім саласындағы ынтамақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болып отыр. Жетісу университеті қазір «Агрономия-Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» бағытында қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыруда.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03