Талдықорғанда ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мурал салынды
Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды. Көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасындағы суретте - түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою өрнек және Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер бар. Барлығына ортақ құндылықтар көрініс тапқан. Әсіресе кескіндемедегі «Жетісу - достық мекені» деген жазу алыстан көз тартады. Арт-нысан - қазақстандық жас суретшілер тобының туындысы. Жалпы, Жетісу облысында 70-тен астам ұлыс өкілі тату тұрып жатыр. Ұлттардың бір-біріне болмысы жақын, мәдениеті астарлас.
Даниэл Мурзов, суретші:
Бұл жай ғана қабырғадағы сурет емес. Ол татулықтың, бірліктің, халықтар достығының символы. Осындай арт-нысандар жастарға үлгі болса деймін. Өте жақсы бастама. Бірлігіміз жасасын.
Дамир Нұрмұхамет
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03