Қызылорда облысында белсенді жастар аудан орталығын абаттандыруға атсалысты
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бала тәрбиесінен басталады. Осы мақсатта Қызылорда облысы Сырдария ауданында белсенді жастар бас қосып, аудан орталығын абаттандыруға атсалысты.
Бұл бастама жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Туған жерді түлетуді көздеген еріктілер кент көшелерін күл-қоқыстан тазартып, «Тағзым алаңының» айналасын қалыпқа келтірді. Жалпы, ауданда көгалдандырумен қатар, су көздерін сақтауға да ден қойылған. Бүгінге дейін ұзындығы 70 шақырым болатын каналдар мен арықтар тазартылған. Мұндай игі іске бүгінгі буын белсенді қатысып келеді.
Нұрай Жақсылық, Сырдария ауданы «Жасыл ел» еңбек жасағының үйлестірушісі:
«Таза Қазақстан» - бұл жай ғана ұран емес, еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Қоршаған орта - халық денсаулығының кепілі. Сол үшін әрбір азамат өз елін қоқыстан тазартып, көгалдандыруға міндетті деп ойлаймын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00