Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Кешенді жоспар бекітілді. 10 күндік бағдарламаны Абай облысының әкімдігі таныстырды. Мерекелік шаралар «Aбай академиясы» энциклопедиялық порталының іске қосылуынан басталмақ.
Семей қаласы мен аудандарда халық әртістері мен оркестрлердің концерті өтеді. Ал Семей қаласының арбатында қолөнер фестивалі мен сурет көрмесі ұйымдастырылады.
Сонымен қатар «Абай әлемі» рухани кеші, «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасының қойылымы жоспарланған. Ғылыми конференциялар, кітаптардың тұсаукесерлері және республикалық ақындар сайысы да өтпек.
Ал басты мерекелік шара 10 тамызға жоспарланған. Ол күні еліміздің барлық аймағында ақын ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады.
Шерхан Жамбылұлы
