Шымкентте зейнеткерлер тегін емделетін және демалатын орындар жеткіліксіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте зейнеткерлер тегін емделетін және демалатын орындар жеткіліксіз

10.07.2025

Шымкентте зейнет жасындағы азаматтардың уақытылы емделуі мен демалуы қолжетімсіз болып тұр. Өйткені шаһарда мұндай мақсатта бір ғана «Ізетті зейнеткер» мекемесі ғана жұмыс істейді. Алғашында небәрі 70 орынға лайықталған орталық бүгінде жылына 3500 азаматқа қызмет көрсетеді. Мегаполисте зейнет жасындағы 95 мыңнан аса адам бар.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Данабек Исабекпен болған кездесуде жұртшылық осы мәселені көтерді. Орталықта ардагерлерге медициналық және әлеуметтік қызмет тегін көрсетіледі. Физиотерапия, сумен емдеу, музыка терапиясы секілді ем түрлерін алады. Мұнан бөлек, салауатты өмір салтын ұстануға арналған таңғы емдік жаттығулар және мәдени-сауықтыру шаралары ұйымдастырылады.

Данабек Исабек, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Алдағы уақытта мұны қарастырып, мен де ұсыныс беремін. Кәсіпкерлерді тарту керек. Бюджеттен қаржы бөліп, МЖӘ жобасымен алу керек. Бюджет дұрыс болып жатса, әрине бір емес, бірнеше жерден ашқан жөн болар деп ойлаймын. Өйткені, бұл кісілер жыл сайын келіп, ем алуы керек.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу