Қазақстанның цифрлық картасының 76 пайызы дайын
Қазір еліміздің цифрлық картасының 76%-ы дайын. Жоба жыл соңында дейін толық аяқталады деп жоспарланған, дейді сала ғалымдары. Бастама Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Бұл карталар жер ресурстарын тиімді пайдалану, бағалау, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің жай-күйін бақылап және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар салықтарды, жердің жалдау ақысын және кадастрлық құнын есептеуге де мүмкіндік береді. Осыны ескерген отандық ғалымдар бүгін шетелдік әріптестерімен бас қосып, алғаш рет семинар ұйымдастырды. Жиында Нидерланд, Франция, Польша, Грузия және Финляндия елінен келген мамандар баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
Хайко ван Дер Вегт, картограф:
Халықаралық деңгейдегі заманауи картография бұл технологияларға ғана қатысты емес. Бұған дейін ауыл шаруашылық бағытында пайдаланатын жерлерді әр ұйым өздері ғана картаға түсіріп келді. Бұл – негізінен үлкен ұжымдық жұмыс. Осындай жобалардың арқасында дүниежүзілік картаны бір арнаға топтастырып, нақты ақпарат алуға мүмкіндік болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02