«Жасыл ел» жастары Таразда тұрғын үйлер ауласын тазартты
Таразда шіліңгір шілденің ыстығына қарамастан «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары тазалық жұмысына белсенді қатысып жатыр.
Олар тұрғын үйлердің ауласын жайлаған қураған шөпті шауып, арықтарды қоқыс қалдықтарынан тазалады. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 2 мыңға жуық студент жастар ұйымына қабылданған. Табиғат жанашырлары жаз басталысымен елді мекендерді аралап, экологиялық акцияға үлкен үлес қосып келеді. Айта кетейік, биыл өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 106 мың адам қатысып, 6 мың тоннадан асатын тұрмыстық қалдық шығарылды.
Қырмызы Шәмшідін, студент:
«Жасыл елде» жұмыс бар екенін және ол жаққа жұмысшылар керек екенін білгенде бірден келіскен адамның бірімін. Өйткені, біз бұл жерде айлық қана алып қоймаймыз. Менің басты мақсатым - өзіміздің туған қаламыздың тазалығын сақтап, жастарға, тұрғындарға тазалықты насихаттау.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00