Туристік жолдамалардың бағасы 48 пайызға қымбаттады
Шетелге саяхатқа шығу қымбаттай түсті. Елімізде туристік жолдамалардың бағасы бір жылда 48%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар жиі тынығатын Түркия бағытының бағасы шарықтап кеткен. Бір жылда орташа есеппен 58%-ға өсіп отыр. Дубай жағажайларында күнге қыздырыну да енді қалтаға салмақ түсірмек. Әмірліктегі демалыс ақысы 68%-ға көтерілген. Ел ішіндегі турпакеттердің де құны өсіп отыр. Қазақстандағы демалыс үйлеріне жолдамалар орташа есеппен 15%-ға қымбаттаған. Ең қатты өсім Алматыда - 41%. Ал Астанада баға сол қалпында өзгеріссіз қалған.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10