Шымкенттен 65 отбасы теріскейге қоныс аударуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттен 65 отбасы теріскейге қоныс аударуға ниетті

25.06.2025

Еліміздің солтүстік өңіріне қоныстанғысы келген 65 отбасы Шымкенттен Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысына аттанып кетті. Олар бұл аймақтарда тұрақты жұмыс және баспанамен қамтылады. Бұл азаматтардың тәуекелге баруына мемлекеттің қолдауы да айырықша әсер етті. Еліміздің солтүстік облыстарына қоныстанатын отбасының әрбір мүшесіне 275 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Сондай-ақ баспана құнының тең жартысын өтеп беретін сертификаттар ұсынылады. Келісімшартқа сәйкес, олар жайғасқан жерінен 5 жылға дейін ешқайда көшпеуі тиіс. Жалпы, оңтүстіктен теріскейге бағыт алған көш 2016 жылдан бері жалғасып келеді. Қоныс аударған азаматтардың 90 пайыздан астамы бүгінде құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина саласында еңбек етуде.

Ақлима Ертайқызы, «Ұлы көш» қоғамдық ұйымының төрайымы:

Еңбек мобильділігінің басшылары аудан-ауданға бөліп береді. Әрқайсысының мамандығына қарай ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, үйін көрсетіп, сосын жұмыс орындарымен таныстырады. Егер ұнаса, қалады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу