Солтүстік Қазақстан облысында мейірбике екі жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында мейірбике екі жылға сотталды

25.06.2025

Солтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланып қайтыс болған екі балаға қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Кәсіби міндетіне салғырт қараудың салдары екі адамның өліміне әкеп соқтырды, деп айыпталған медбике 2 жылға бас бостанығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға тура бір жыл бұрын Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында тіркелген еді. Галина Коваленко жергілікті дүкеннен шұжық пен тұшпара сатып алған. Ал кешкі астан кейін отбасы мүшелері бірінен соң бірі ауыра бастаған. Ол бірден ауыл фельдшерін шақырған. Медициналық қызметкер балаларды қарап, дәрі тағайындап, үйіне кетіп қалған. Кешке ұйықтаған 3 жасар сәби таңда оянбаған. Ал 6 жасар қыз бала ауруханада көз жұмды. Отбасының қалған мүшелері емделіп шықты. Сараптама тамақ құрамында нитраттың тиісті мөлшерден бірнеше есе көп болғанын көрсеткен. Алайда балалардың нақты қандай тағамнан уланғаны анықталмады.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу