Таразда азаматтық істердің 75 пайызы электрондық түрде қаралған
Сот жүйесі цифрландыру мүмкіндіктерін сәтті қолданып келеді. Мәселен Тараз қалалық сотына кейінгі бір жылда 9 мыңнан астам іс түссе, оның 75%-ы электрондық түрде қаралды.
Яғни арызданушылардың дені сот ғимаратына бармай-ақ, процеске қашықтан қатысып жатыр. Қалалық сот төрағасының айтуынша, ұжымдағы 20 судьяның әр қайсысының өндірісіне 90-нан 100-ге дейін азаматтық іс құжаттары түседі. Оларды қарау мерзімі екі күннен екі айға дейін созылуы мүмкін. Ал осы уақыт аралығында барлық процес электрондық түрде жүргізіліп, үкім кесіледі.
Берік Оразымбетов, Тараз қалалық сотының төрағасы:
Арыз түскеннен бастап, істі мұрағатқа жолдағанға дейін толықтай электронды жүйеде қаралған болатын. Өз арыздарын тапсырғаннан кейін, бізде автоматты түрде «Төрелік» жүйесі арқылы тіркеліп, содан соң автоматты түрде судьяға өзі бөлінеді. Мүлік даулар, жер даулар, мұрагерлік даулар және еңбек даулары бойынша сол бағыттағы істер азаматтық істер болып, қаралуға жатады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18