Цифрландыру: Алақан арқылы бақылау жобасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрландыру: Алақан арқылы бақылау жобасы енгізілді

24.06.2025

Биылғы оқу жылында Шымкент қаласының бір мектебіне Alaqan mektep палатформасы енігізілді. Сандық жүйе балалардың күнделікті мектепке келіп-кетуі, асханада тамақтануы, тіпті кітапханаға тіркеліп, қандай кітап алғанынан дейін автоматты түрде қадағалай алады. Яғни, мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың қайда жүргенін, сабаққа қатысуын сандық жүйенің көмегімен-ақ біліп отырады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына мемлекет тарапынан берілетін ыстық тамақтың мәзірін, оны бала ішіп-жеді ме, жоқ па оны да нақты анықтауға мүмкіндік береді. Алақанды сканерлеу жүйесі мектептің кіре берісіне, кітапханаға және асханаға орнатылған.

Альбина Садықалиева, ата-ана:

Біріншіден, ол мектеп үшін дисциплина. Бала уақытылы келеді. Өйткені апайына жаза салу деген әңгіме болмайды. Мұғалімдер мен мектеп басшыларына ол үлкен көмек. Өйткені мұғалімдер өз жұмысымен айналысып, қай бала қай уақытта келді деп түгендеп отырмайды.

Биылғы оқу жылында бұл мектепте 5-11 сынып аралығындағы 261, қала әкімінің қаулысы негізінде бастауыш сыныпта оқитын 961 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Жаңа құрылғының көмегімен бір ғана мектептің өзінде 9 миллион теңге қаржы үнемделген. «Әлеуметтік әмиян» жүйесі келесі оқу жлынан бастап Шымкент қаласындағы басқа да мектептерге де кезең-кезеңімен енгізілмек. Alaqan mektep жобасы еліміз бойынша 400-ден аса мектепке орнатылған.

Перизат Мәлікова, Alaqan компаниясының департамент директоры:

Ерекшеліктеріне келсек, алақан - экологиялық жүйе. Интернет істемесе де, оффлайн режимде жұмыс істей береді. Интернет қосылған соң деректер пайда болады. Электрсіз батареямен істей береді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу