Шымкентте «Таза аула» акциясы өтті
Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясы өтті. Екі жүзге тарта жас шаһардың бес жеріне топталып, аулаларды қураған шөптер мен жапырақтан арылты. Бейберекет шашылып жатқан қоқыстарды жинады. Сондай-ақ жол жиегі мен аяқжолдарды сыпырып, ретке келтірді. Көшелердің көркі ашылғанына әсіресе тұрғындар дән риза. Жалпы экологиялық шара басталғалы жастардың қатысуымен 40-қа жуық тазалық шарасы ұйымдастырылған. Оған 4 мыңнан астам жас қатысты. Сондай-ақ бұл іске шаһардағы еріктілер тобы да белсене атсалысуда. Бүгінгі таңда мегаполисте осындай 12 ұйым жұмыс істейді.
Дариха Романова, коммуналдық тазалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы:
Сенбілікке проблемный тал кесілуі керек, сондай аулаларды аламыз. Ол жерге көптеу бригада жинаймыз. Талдарды кесіп, шөптерді орып, сондай жұмыстар жүргізіледі. Сенбілікке волонтерлар келеді. Бүгін ардагерлер болды. Домкомдар, тұрғындар жүр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16