Алматы облысында футбол академиясының құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында футбол академиясының құрылысы басталды

23.06.2025

Алматы облысында заманауи футбол академиясының құрылысы басталды. Алматы халықаралық әуежайы мен Қазақстан футбол федерациясы бірлесіп ашатын орталықта болашақ футбол жұлдыздарының білім алуы мен кәсіби дамуы үшін балық жағдай жасалады, - дейді жауаптылар. Академияның жалпы аумағы 5 500 шаршы метрден асады. Ғимарат спорттық, әкімшілік-тұрмыстық және жатақхана сияқты негізгі үш бөліктен тұрады. Спорттық блокта жабық футболға арналған жаттығу залы, жалпы дене дайындығы залы, қалпына келу бассейндері, киім ауыстыратын және қызметтік бөлмелер қарастырылған. Әкімшілік-тұрмыстық блокта жаттықтырушылардың бөлмелері, медициналық және оңалту бөлмелері, конференц-зал, асхана және техникалық бөлмелер болады. Төрт қабатты жатақханада академия оқушыларына арналған бөлмелер, демалыс және өз бетінше дайындалу аймақтарымен жабдықталады.

Марат Омаров, Қазақстан футбол федерациясының президенті:

Жаңа кешен 150 балаға шақталған. Біз дарынды жеткіншектерді 12 жастан бастап іріктейміз. Болашақта олар Қазақстан құрамасының негізгі тірегіне айналуы тиіс. Академия заманауи талаптарға сай болады. Ал жаттықтырушылар – кәсіби мамандар. Қазірдің өзінде 15-16 жастағы 25 жасөспірім осында тұрып, FIFA бағдарламасы бойынша білім алып, жаттығып жүр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу