Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық кімге бұйырады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық кімге бұйырады?

15.06.2018

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен 2018 жылы әдебиет және өнер саласындағы тұлғаларға мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отандық шығармашыл зиялы қауымнан құрылған комиссия мүшелері әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығармалар мен авторлар жөнінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ақпаратын тыңдады. Соңынан комиссия жасырын дауыс беру арқылы қоғамдық талқылауға жолданатын мемлекеттік сыйлыққа үміткерлерді анықтады. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Ең басты өлшем сыйлық берілетін шығарма рухани көркем туынды болсын. Имандылық өлшемдеріміз жоғары деңгейде көрінуі шарт.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу