Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды

20.01.2016
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа байқау жарияланды

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы 2016 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа конкурс жариялайды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

Конкурстық шығармаларды қабылдау 2016 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік сыйлыққа үміткер авторлар, олардың конкурсқа ұсынған еңбектерінің тізімдері және үміткерлерді ұсынып отырған ұйымдардың аттары ашық жариялылық түрде кеңінен талқылану мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Хабарламаларға жазылу