Мемлекеттік сыйлық лауреаттары Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сыйлық лауреаттары Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады

23.10.2014
Мемлекеттік сыйлық лауреаттары Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады

Бүгін Ұлттық кітапханада Мемлекеттік хатшының міндетін атқарушы – Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Нұрлан Нығматулин бұл отырыстың маңыздылығына тоқталды. Өйткені, осы ақылдасудан кейін ең лайықты жұмыстар бірқатар номинация бойынша лауреаттарды бекіту үшін Мемлекет басшысына ұсынылады.

Отырыста сөз алған комиссия мүшелері елдің әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті өкілдері комиссия қарауына ұсынылған жұмыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысына ұсынылатын үміткерлер құпия дауыс беру арқылы анықталды. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

 

Жайнагүл ТӨЛЕМІС

Хабарламаларға жазылу