«Жас тұлпар» республикалық байқауына құжаттарды қабылдау аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас тұлпар» республикалық байқауына құжаттарды қабылдау аяқталды

03.12.2014
«Жас тұлпар» республикалық байқауына құжаттарды қабылдау аяқталды

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған «Жас тұлпар» республикалық байқауының басталғаны туралы жариялайды.

«Жас тұлпар» сыйлығы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, жастар ортасында тарихи мұраны дәріптеуге,

Қазақстанның жас патриоты образын, сондай-ақ шетелде Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі.

Жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады.

Сыйлық мынадай бағыттар бойынша беріледі:

- мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін;

- білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін;

- әдебиет саласындағы жетістіктері үшін;

- спорт саласындағы жетістіктері үшін;

- мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін;

- азаматтардың қауіпсіздігі саласындағы кәсіби қызметі үшін; 

- қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісіндегі қоғамдық-саяси белсенділігі үшін.

Сыйлық әрбір номинация бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде беріледі.

 

nurotan.kz

Хабарламаларға жазылу