Әдебиет пен өнер саласындағы үздіктер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдебиет пен өнер саласындағы үздіктер анықталды

07.10.2022

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия екінші кезеңге өткен 10 жұмысты қарады. Олар әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнерін қамтиды. Қорытынды отырыс Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті. Комиссия жасырын дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттығына үміткерлерді анықтады. Мемлекеттік сыйлық иегерлерін марапаттау Республика күні қарсаңында өтеді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу