Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кассациялық соттар заң үстемдігін орнатады

23.06.2025

Еліміздің сот жүйесін реформалау ісіне байланысты биыл шілде айынан бастап елімізде дербес кассациялық сот жұмысын бастайды. Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айжан Сатыбалдиеваның айтуынша, бұл өзгеріс алғашқы сатыдағы сот шешіміне көңілі толмаған әрбір адамның азаматтық істер бойынша кассациялық тәртіппен сотқа жүгінуіне мүмкіндік береді. Жаңадан құрылатын кассациялық сот аумақтардан тыс және жергілікті заң орындарымен байланысы болмауы үшін тек Астана қаласында жасақталады. Оған сот жүйесінде мол тәжірибеге ие және біліктілігі жоғары мамандар ғана іріктеледі. Бұған дейін азаматтық процестердің талабына сай Жоғары сотқа азаматтар белгілі бір істер бойынша ғана жүгіне алатын. Мұндай жаңашылдық азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттырады және заңсыздыққа дер кезінде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Айжан Сатыбалдиева, Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

Азаматтық істер аппеляциялық алқамен бұзылған кезде қайтадан бірінші сатылы сотқа жіберілетін. Қазіргі таңда апелляциялық алқа өздері сот актісін бұзғаннан кейін жаңа шешімді қабылдайды. Яғни, азаматтық іс қайтадан жіберіліп, созбалаңдыққа салынбайды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу