Шымкентте балаларға арналған жатақхана салынып жатыр
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте Сайрам мектеп-интернат-колледжі балалары үшін жатақхана салынып жатыр. Екі жарым миллиард теңге қаржыға тұрғызылып жатқан ғимараттың құрылысы осы жылдың соңында аяқталмақ. Қазір алғашқы қабатының қабырғалары көтеріліп жатыр. Осыдан жарты ғасыр бұрын ашылған Сайрам мектеп интернатында 300-ден астам бала оқиды. Сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін өткен оқу жылында арнайы колледж ашылып, 48 бала оқуға қабылданды. Жаңа нысан балалардың сабақтан соң емін-еркін тынығуына және қосымша тәрбие жұмыстарына қатысуына мүмкіндік береді.
Ғалымжан Артықов, Колледж директорының орынбасары:
Балаларға барлық жағдай қарастырылған. 300 балаға арналған үш қабатты ғимаратта пандус, лифт және ойын бөлмелері бар. Сабақтан тыс уақытта балалар өздерінің бөлмесінде, ойын алаңдарында уақыт өткізеді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16