«Жас кеңес» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
«Жас кеңес» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Байқау күнделікті жұмысы көпшілікке көрінбейтін, бірақ ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңа буынды қолдауға бағытталған. Биыл ауқымы кеңейтіліп, номинациялар саны 7-ден 10-ға жетті. Жобаға білім, ғылым, денсаулық сақтау, IT мен креативті индустрия, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, өндіріс және құтқару қызметі сынды түрлі салада еңбек етіп жүрген жастар қатыса алады. Лауреаттардың әрқайсысына жүлде бар. Байқауға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері ұйытқы болып отыр.
Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:
Еңбек адамдарын қолдау керек деп жатырмыз, нағыз еңбек адамдары солар. Әлеуметтік желіде, өкінішіке қарай, тез байып кету, бірден жетістікке жету, жеңіл жолмен ақша табу деген сияқты дүниелер кеңінен таралып бара жатыр. Соған біздің бір күресіміз ретінде жай ғана күресіп қоймай, жақсы нәрсе ұсынайық деген оймен осындай жобаны қолға алдық.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гибридті көлік иелері қосымша төлемге қарсы
14.05.2026, 20:58
Психдиспансерде есепте тұрған адам мектеп автобусымен оқушыларды тасыған
14.05.2026, 20:56
Жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
14.05.2026, 20:55
Туризмді түлеткен жобалар
14.05.2026, 20:53
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
14.05.2026, 20:14
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
14.05.2026, 20:13
Ертең Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті басталады
14.05.2026, 20:12
Сарапшы: Түркі мемлекеттері ұйымының геосаяси ықпалы артып келеді
14.05.2026, 20:08