Жұмысшы құқығын қорғауға бағытталған заң мақұлданды
Енді жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өту үшін жұмыс орнын және орташа жалақысын сақтай отырып, арнайы демалыс беруге міндетті болады. Бүгін Сенат еңбек заңнамасын жетілдіруге бағытталған түзетулерді мақұлдады. Құжатты бірден екі оқылымда қарап, Президенттің қол қоюына жіберді. Ал скринингтен өтуге уақыт бөлмеген жұмыс беруші заң алдында жауап береді.
Ербол Тұяқбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:
Жұмысшы тиісті өтініш білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, еңбек инспекциясы тиісті тексерумен кірген кезде нұсқама береді. Егер ол орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған. Сондықтан жұмыс берушілермен ондай сұрақтар болмауы тиіс.
Жалпы, жаңа нормалар қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар еңбек саласындағы құқықтар тізімі жеке өмірге қол сұқпаушылық, ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу қағидаларымен толықтырылады. Заңда өндірістегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше басымдық берілген. Енді ірі кәсіпорындарда мемлекеттік еңбек инспекциясымен тікелей байланыста жұмыс істейтін арнайы маман болады. Ол еңбек талаптарының бұзылуы туралы уәкілетті органдарға жедел хабарлап отырады. Бұл өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға ықпал етеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қаралған заң еліміздегі еңбек заңнамасын жетілдіруді көздейді. Соның аясында жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтарын үйлестіруге арналған нормалар топтамасы қарастырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың бірқатар жаңа міндеттермен толықты. Жалпы, заң елімізде еңбек адамдарының құқықтық кепілдігін күшейтіп, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыра түседі деп сенеміз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12