Петропавлда кейбір полицейлер аумақты атпен аралап жүр
Петропавл қаласында көлік жүре алмайтын аймақтарда ат мінген полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Облыстық Полиция департаментінің жанынан құрылған кавалериялық взводта 13 ат бар. Жылқылар көктемнен күзге дейін тәртіп сақшыларына қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Әсіресе көлік жүре алмайтын саябақ пен саяжайларда жылқылардың көмегі ауадай қажет дейді мамандар. Қала аумағында 140-қа жуық саяжай қауымдастығы тіркелген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы жылдары маусымдық қылмыстардың азайғаны байқалады. Сонымен қатар, аттар түрлі дертке шалдыққан балаларды сауықтыру үшін пайдаланылып жүр. Мұнда аптасына 3 рет иппотерапия курсы өтеді.
Мейірбек Шалбай, полиция қызметкері:
Біздің жұмыс әсіресе жаздыгүні басталады. Өйткені жаздыгүні адамдар саяжайда тұрады. Жұмысқа кетеді. Сол кезде ұрлық болмауы үшін қарап жүреміз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16