Елімізде балаларға арналған SIM-карта шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балаларға арналған SIM-карта шығарыла бастады

17.06.2025

Елімізде бала қауіпсіздігі үшін арнайы SIM-карта пайда болды. Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, бұл жоба кәмелетке толмаған балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғауға арналған. Ұялы байланыс операторларымен бірлесе әзірленген пилоттық жоба Қазақстан бойынша іске қосылған. Sim-карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттап отырады. Картаның бір ерекшелігі жеткіншектің телефоны дыбыссыз режимде болса да, ата-ананың баламен байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қосымша сабақтағы белсенділігін де бақылауға болады. Қайда жүргенін де көре аласыз. Қысқасы, пайдалы, қажетті функциялар бір жерге топтастырылған, - дейді прокуратура өкілдері. Қазіргі уақытта SIM-картаны кез келген адам пайдалана алады.

Дияс Ысқақ, қалалық прокурордың аға көмекшісі:

Ата-ана ұялы байланыс операторына барып, арнайы балалар тарифін таңдау керек. SIM-карта ресми түрде ата-ананың атына тіркелу керек. Рәсімделгеннен кейін олар оператор ұсынған арнайы мобильді қосымшаны жүктеп, баласының SIM-картасын соған байланыстырады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу