Елімізде 6 жаңа орман тұқымбағы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 6 жаңа орман тұқымбағы салынады

17.06.2025

Елімізде 6 жаңа орман тұқымбағы салынады. Алдағы 3 жыл ішінде Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жабық тамыр жүйесі бар тұқым станциясының кешені бой көтермек. Қаржыландыру утильалымнан түскен ақша есебінен алынады. Бұл көшеттердің сапасы дәстүрлі түрде өсірілген тал-теректен едәуір жоғары. Өйткені отырғызу кезінде тамыр жүйесі бұзылмайды және құрғатылмайды. Соның арқасында орман ағаштарының жерсіну деңгейі 90%-ға дейін артып, тез өсіп, тез жетіледі. Президент былтырғы жолдауында жасыл желектің ауқымын ұлғайтуды тапсырған еді. 5 жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллионға жуық көшет отырғызылады, - деді. Тұқымбақ салу да осы жоспар шеңберінде жүзеге асады.

Бағдәулет Амангелдінов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

Негізгі мақсат - мемлекеттегі орманмен қамтылған жер аумағын 14,5 миллионға дейін жеткізу. Бұл, біріншіден, экологияға жақсы әсер етеді. Одан бөлек, ауаның тазалығы, жануарлардың мекенжайын және олардың көбеюіне ықпал етеді.

Ернұр Медет 

Хабарламаларға жазылу