Маңғыстау облысында сенбілік өтті
Маңғыстау облысында туристер жиі баратын орындарда сенбілік өтті. Тазалық акциясы Түпқараған және Маңғыстау ауданында ұйымдастырылды. Экобелсенділер ерікті жастармен бірлесе, Ақтаудан 43 шақырым жердегі жағажайда бей-берекет жатқан тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Жазда осы жерде шомылатын жұрттың қарасы қалың болады. Өкінішке қарай, кейбірі табиғат аясына қоқыс тастап кетеді. Сенбілік түс ауа Самал шатқалында жалғасты. Бұл аумақ та бақыланбайды. Сол себептен адамдар демалыс орнын таза ұстауға құлықсыз. Үкіметтік емес ұйым мүшелері ендігі сенбілікті Қарақия ауданында өткізуді жоспарлап отыр.
Рахима Төлесінова, волонтер:
Өзім ерікті түрде сенбілікке келдім. Яғни, бұл сенбіліктер не береді, нені үйретеді? Бұл жерде өзіміздің өлкемізді, жерімізді таза ұстауды үйренеміз. Яғни, осындағы барлық қоқыстан тазалық жұмыстарын жүргіземін. Мен мұндай іс-шараға белсенді түрде, ерікті түрде бір емес, бірнеше рет қатысамын. Өзіме қатты ұнайды және де сіздерді шақырамын.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05