Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті басталды
Дәл қазір елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті басталды. Оған аймақ елдерінің басшылары мен Қытай Төрағасы қатысып жатыр. Бестік елдері мен Азия алыбы әріптестіктің тиімді тетіктерін сөз етпек. Маңызды жиында Президенттер қандай мәселе көтерді?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Саммит отырысы жаңа ғана басталды. Оның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алаң иесі ретінде әріптестерін кіреберістен жеке-жеке қарсы алып, кейіннен ортақ суретке түсті. Осылайша бір сағаттай бұрын негізгі отырыс басталды. Әуелі Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Саммиттің күн тәртібінде саяси, сауда-экономика, мәдени байланысты дамыту және аймақ пен жаһандағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу. Жалпы, бұл жиын дәстүрге айналып келеді. Алғашқы саммит 2023 жылы Қытайдың Сиань қаласында өткен еді. Тараптар әр екі жыл сайын бас қосып отыруға уағдаласты. Әлемдегі саяси және экономикалық ахуал теңіздей тербеліп тұрған сәтте қос тарапқа мұндай басқосулар қажет-ақ. Қытай - аймақ елдерінің ең ірі сауда серіктесінің бірі. Сауда-саттық 90 млрд доллардан асқан.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05
Қарағанды облысында 4500-ден аса ағаш егілді
25.04.2026, 20:05
Мәжіліс депутаттары аллеяға шырша көшеттерін отырғызды
25.04.2026, 20:05
Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығының аумағын көгалдандырды
25.04.2026, 20:04
Тұрғындар жаппай сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:04
Президент «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысты
25.04.2026, 20:04