Алматыда мопедті көлік тұрағында немесе сату орындарында бірден тіркеуге болады
Алматы қаласында мопедтерді тіркеу жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін осы санаттағы көлік құралдарының 15 мыңы мемлекеттік нөмір алған. Енді қалалық полиция қызметкерлері азаматтарға қолайлы болуы үшін тіркеу жұмыстарын көлік тұрағында немесе сату орындарында да жүргізеді. Бұл тәсіл мопед иелеріне көліктерін қысқа мерзімде әрі ыңғайлы түрде заңдастыруға мүмкіндік береді. Полиция мопедті тіркеусіз, арнайы куәліксіз, мемлекеттік нөмірсіз және сақтандырусыз басқару әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Жапа-тармағай барлық жерде емес, алдын ала келісім бойынша ауқымды сату орындарында осындай процедура жүзеге асырылады. Әкімшілік полиция басқармасына қарасты процессинг орталық бар. 1-ықшамауданындағы 74-үй мекенжайында орналасқан. Сол жаққа ұсыныс жіберсеңіз, келісілген уақытта, келісілген күні полиция қызметкерлері келіп, тіркеп береді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13