Қостанай облысында өзен жағасын қалбырлардан тазартты
Қостанай облысының Қостанай ауданында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры экологиялық байқау өткізді. Байқаудың мақсаты – тұрмыс қалдықтарын сұрыптау әдетін қалыптастыру. Іс-шара ынталандыру түрінде өтті. Бір ай мерзім ішінде ең көп алюминий қалбырын сұрыптап-жинап тапсырған бес адамға сыйлыққа велосипед берілді. Барлығы 150 келі алюминий қалбыры жиналған. Әсіресе балалар белсенділік танытты. Ал Бейімбет Майлин ауданындағы бірнеше ауылда «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 60-қа жуық қатысушы Әйет өзені жағалауының 5 шақырымға жуық аумағын қоқыстан тазартты. Бұл іс-шараның барлығы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00