Петропавлда жұмысшы 6 метр биіктен құлады
Петропавл жылу электр орталығында жұмысшы 6 метр биіктен құлап, ауыр жарақат алды.
40 жастағы жігіт әріптестерімен бірге күл жиналатын қондырғыны тазалап жатқан. Науқас бірден реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, басы жарылып, миы шайқалған. Бірнеше қабырғасы сынып, ішкі органдарына айтарлықтай зақым келгені анықталды. Жұмысшы мердігер мекемеде бригада басшысы болып еңбек етіп келген. Полиция аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осыдан 3 жыл бұрын жылу орталығында алып мұржа опырылып, үйінді астында қалған әйел қайтыс болған еді.
Максим Бублейник, мердігер мекеменің бас директоры:
Арнайы комиссия жасақталды. 3 адамнан құралған бригада күл жиналатын қондырғыны тазалап жатқан. Бұған дейін мұндай жағдай тіркелген емес. Оқыс оқиғаның себебін мамандар анықтайды. Жұмысшыға компания тарабынан тиісті көмек көрсетіледі.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16