Шымкентте ойын-сауық орталығы салық төлемеу үшін табысын жасырған
Шымкент қаласында ойын-сауық орталығы салықтан жалтару үшін табысын 6 есеге азайтып көрсеткен. «Sayabak alemi» серіктестігі 2023 жылға тапсырған салық есептілігінде бар болғаны 48,7 миллион теңге көлемінде қаржы айналымы болғанын көрсетіп, қарамағында 18 жалдамалы қызметкердің жұмыс істегенін қағазбен растаған. Алайда 2024 жылы Мемлекеттік кірістер органы жүргізген тексеріс барысында бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтыны анықталды.
Серіктестіктің қаржы айналымы 292 миллион теңге болған, 24 адам еңбек еткен. Бұдан бөлек, серіктестік жалға алушылар туралы ақпаратты әдейі жасырып келген. Мемлекеттік кірістер департаменті анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16