СҚО-да энтеребиозға шалдыққан балалар көбейді
Солтүстік Қазақстан облысында энтеребиозға шалдыққан 102 адам тіркелді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Науқастардың 99 пайызы балалар. Мамандардың айтуынша, аурудың таралуына гигиенаның дұрыс сақталмауы себеп. Инфекциядан дер кезінде емделмесе, созылмалы аурулардың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін. Ауру дұрыс өңделмеген тағам, жуылмаған жеміс-көкөністер арқылы да таралады. Оны жұқтырған сәттен бастап, шамамен екі аптада алғашқы белгілері пайда болады.
Гүлида Жакеева, облыстық Санэпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Энтеребиоз – балалар арасында кең таралған инфекция. Энтеребиоздың алдын алу шараларының бірі – ол қарапайым ережелерді сақтау. Серуендегеннен кейін, тамақтанудан алдында қолды жуу, жеміс-жидектерді мұқят жуу қажет және күнделікті төсек-орынды ауыстыру, іш киімдерді ауыстыру міндетті түрде қажет.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16