Оралда «Біз таза ел үшін!» шарасы ұйымдастырылды
Оралда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тұрғындарына тазалық идеологиясы насихатталды. Жастар базар маңындағы шағын кәсіп иелеріне айналаны таза ұстаудың маңыздылығы мен санитарлық талаптарды түсіндірді. «Таза Қазақстан» тақырыбындағы 100-ге жуық ақпараттық брошюра таратылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сауалнама алынды. Сондай-ақ тұрғындар арнайы дайындалған «Біз – таза ел үшін!» тақтайшасымен естелік суретке түсті.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
Осындай іс-шаралар арқылы біз тек көшені тазалап қоймай, жалпы халықтың санасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын, тазалық идеологиясын насихаттауды жүзеге асырып жатырмыз. Әлеуметтік сауалнама жүргіземіз. Оның ішінде «Орал қаласының тазалығын 1-ден 10-ға дейінгі өлшеммен бағалаңыз» деген секілді сұрақтар болады. Сөйтіп халықтың ой-пікірін білеміз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00